Dubai Airshow 2021 – Дубайдағы 17-ші халықаралық аэроғарыш көрмесі
Салынған уақыты 16.11.2021 17:10
Дубайда 14 қарашада екі жылда бір рет өткізілетін ең ірі авиациялық шоу – Dubai Airshow көрмесі өз жұмысын бастады. Аэроғарыштық және авиашоу индустриясының халықаралық көрмесінде 1000-нан астам әлемдік өндірушілер мен брендтер өздерінің жаңа технологиялық инновациялары мен саладағы жаңалықтарын көрсететін болады.
Dubai Airshow азаматтық және әскери авиа өнеркәсіптің жетекші әлемдік оқиғасы бола отырып, әлемнің әртүрлі елдерінің үкіметтік топтарының, жоғары дәрежелі әскери және бизнесмендердің назарын үнемі аударады.
Dubai Airshow халықаралық авиациялық көрмесінде мынадай тақырыптық бөлімдер ұсынылады:
- Азаматтық авиация
- Әскери авиация
- Ғарыштық авиация
Dubai Airshow көрмесіне дәстүрлі түрде Үкімет басшылары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және авиациялық кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ басқа да VIP-тұлғалар қатысады. Дубайдағы авиашоу үнемі әлемнің әртүрлі елдерінің үкіметтік топтарының, жоғары дәрежелі әскери және кәсіпкерлердің назарын аударады.
Заманауи көрме алаңында өткізілген Dubai Airshow соңғы уақытта пайда болған басқа да мамандандырылған авиациялық көрмелерге тең келетін әлемдік стандарттарды белгілейді.
Биылғы жылы көрмеге қатысушыларды түрлі қосымша іс-шаралар күтуде, олардың арасында заманауи ұшу техникасының барлық күші мен қабілеттерін көрсететін жарқын шоулар, сондай-ақ мамандарға саланың өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге, перспективалық келісімшарттар жасасуға, сондай-ақ серіктестік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер сияқты бизнес-бағыттағы оқиғалар бар.
2627