ruenkz

Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры «Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді

Салынған уақыты 16.11.2021 08:37

2021 жылғы 02 қарашада Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры еңбек инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, «Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде авиациялық көлік прокуроры мен еңбек инспекторы еңбек саласындағы қызметкерлердің құқығына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, ұшу қауіпсіздігіне байланысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, филиал мамандары әуе кемелері экипаждарын лазермен шағылыстыру және пилотсыз ұшу аппараттарының (квадрокоптерлердің) әуе кемесіне жақын ұшуы туралы баяндамалар мәселелерін қарастырды.  

Авиациялық көлік прокуратурасы әуе қозғалысын басқаруға қатысты нормативтік құқықтық актілердің барлық талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне қатысушылардың назарын аударды.  

Өз тарапынан авиациялық көлік прокуратурасының қызметкерлері жүргізілген талдау нәтижелері бойынша филиалдың аймақтағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жоғары бағалады, сондай-ақ пандемия кезеңінде қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын атап өтті. 

Кездесу соңында прокуратура қызметкерлері еңбек және әуе қозғалысын басқару саласында кез келген мәселелер туындаған кезде, қызметкерлер мен жұмыс берушіні қабылдау мүмкіндігі туралы хабарлады.

2399