Qazaq Air IOSA халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады
Салынған уақыты 15.11.2021 16:56
Qazaq Air халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) пайдалану қауіпсіздігінің IOSA (IATA Operational Safety Audit) стандарттарына сәйкестігіне үшінші аудитінен сәтті өтті, деп хабарлайды sknews.kz жаңалықтар порталы.
Аудит барысында 2021 жылғы тамызда аккредиттелген тәуелсіз аудиторлар авиакомпанияның операциялық қызметінің барлық бағыттары бойынша IOSA құжаттамалары мен стандарттарының және ұсынылатын практикаларының орындалуына толық ауқымды тексеру жүргізді. IOSA аудитінен өту пайдалану қауіпсіздігін жақсартуға және халықаралық тасымалдаушылармен интерлайн-келісімдер жасасу үшін қажетті екі жақты аудиттер санын азайтуға көмектеседі.
«Ағымдағы жылы Qazaq Air алты жасқа толды және үшінші рет IOSA аудитінен сәтті өтті. Бұл авиакомпанияның жоғары стандарттарды ұстанатындығын растайды және бүкіл команда жұмысының нәтижесі болып табылады», – деп атап өтті Qazaq Air Басқарма Төрағасы Пламен Атанасов.
2590