Turkish Airlines көші-қон дағдарысына байланысты ЕО-ға ұшатын рейстерді тоқтатуы мүмкін
Салынған уақыты 11.11.2021 16:23
Польшаның Беларусьпен шекарасындағы жағдай шиеленіскеннен кейін, мигранттарды Минскіге тасымалдауға қатысатын Turkish Airlines және FlyDubai авиакомпанияларына Еуропалық Одаққа ұшуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Delfi.lv LETA агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Минск әуежайының деректері бойынша, мигранттарды тасымалдайтын Turkish Airlines Түрік ұлттық компаниясы Стамбул – Беларусь бағыты бойынша аптасына екі рет ұшады. Мигранттарды тасымалдаумен БАӘ-нің Flydubai лоукостері мен Сирияның Cham Wings авиакомпаниясы айналысады.
Бұған дейін жүздеген мигранттар Польша аумағына күшпен кіруге тырысқаны туралы хабарланған болатын. Польша билігінің есептеулеріне сәйкес, қазір Беларуспен шекаралас жақта ЕО-ға заңсыз кіруге үміттенетін 3-4 мыңға жуық мигрант бар.
2270