Алып Airbus A380 әуе кемесі жиһаз бен сувенирлерге айналатын болады
Салынған уақыты 09.11.2021 15:57
БАӘ Emirates авиакомпаниясы алғашқы есептен шығарылған Airbus A380 әуе кемесінен тапсырыс бойынша жиһаз бен авиациялық сувенирлер жасау туралы шешім қабылдады. 2008 жылы шығарылған, тіркеу нөмірі A6-EDA, ішінде душ кабиналары мен бар орналасқан ұшақты әуе тасымалдаушысы 2020 жылы есептен шығарды. Ол шамамен 12 жыл бойы ұшып, 6 319 рейс орындады.
Мердігердің міндеті – ұшақтың бөліктерін полигонға лақтырып тастағаннан гөрі, барынша екінші рет пайдалануға мүмкіндік жасау. Сырты қапталған алюминийі ғана емес, сонымен қатар интерьер элементтері, оның ішінде штангалар, тіпті арнайы оқшаулағыш материалдар іске жаратылатын болады. Airbus A340 ұшағы үшін екінші өмір сыйлаудың осындай тәсілін Lufthansa авиакомпаниясы да таңдады. Оның элементтері брелок, жиһаз бөліктері және тіптен қабырғаға ілінетін сағаттар болды.
Airbus A380 – әлемдегі ең үлкен жолаушылар ұшағы. Оның ең ірі пайдаланушысы — Emirates авиакомпаниясы болып табылады. Бұл ұшақтар көлеміне байланысты «қанаттары бар сарайлар» деп аталады. A380-де екі толыққанды палуба бар және бір рейсте 853 жолаушыға дейін тасымалдай алады.
2503