ruenkz

Қазақстан Будапешт - Алматы – Будапешт авиарейстерін іске қосуды ұсынды

Салынған уақыты 01.11.2021 08:41

Қазақстан Венгрияға Будапешт – Алматы - Будапешт бағыты бойынша рейсті іске қосуды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА (www.inform.kz) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варгамен осы мәселені талқылау жөнінде кездескені белгілі.

Қыркүйек айында Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді. Рейстерді Wizz Air Венгр авиакомпаниясы орындайды. Жақында Үкіметтің шешімімен рейстер жиілігі аптасына екі рейске дейін өсті. Осыған байланысты венгриялық тарапқа Будапешт - Алматы - Будапешт бағыты бойынша екінші рейсті іске қосу ұсынылды.

«Венгрия – біздің сенімді әрі Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі алғашқы стратегиялық серіктесіміз, халқымызбен тарихи және рухани байланысты сезінетін достық мемлекет», - деп атап өтті Мұхтар Тілеуберді.

2666