Бельгияда авиажолаушыларға жаңа салық енгізіледі
Салынған уақыты 27.10.2021 14:49
Бельгия өкіметі авиажолаушылар үшін жаңа салық енгізуді шешті. Ол қысқа ұшуларды брондайтын жолаушылар үшін қолданылады. 2022 жылдан бастап Брюссельден ұшатын қысқа ұшулар үшін салық төлеу қажет болады. Жаңа салық 4 евродан 6 евроға дейін болады және Брюссель әуежайы арқылы ұшатын барлық жолаушыларға қолданылады, деп хабарлайды Europulse.
Егер ұшып баратын қала Бельгия астанасынан 500 шақырым жерден аз болса, салық төлеу қажет болады. Мысалы, бұл Амстердам, Лондон, Париж немесе Цюрих. Осылайша, Бельгия Үкіметі адамдарды экологиялық «лас» көлікті аз пайдалануға ынталандырмақ. Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің (EEA) жақында жасаған есебіне сәйкес, пойызбен жол жүру ұшақтармен ұшқаннан бес есе экологиялық таза.
2280