ruenkz

Airbus авиацияның тұрақты өсуі үшін инновацияларды ұсынды

Салынған уақыты 26.10.2021 14:14

Airbus еуропалық әуе құрылысының алыбы авиация саласының тұрақты өсуі үшін концерннің шешімдері мен инновацияларын ұсынады. Airbus концерннің ұшақтарында, тікұшақтарында, спутниктерінде және зымыран тасығыштарында көміртегі диоксиді шығарындыларын азайту бойынша белсенді жұмыс атқаруда, деп хабарлайды АТОР.

Концерн бүкіл әлемдегі кәсіпорындарының ғана емес, сонымен бірге бүкіл жеткізілім тізбегіне қатысушы компаниялардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға тырысады. Airbus экологиялық тиімділіктің негізгі салалық мақсатты көрсеткіштеріне сәйкестікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосады, осылайша 2035 жылға қарай нарыққа нөлдік шығарындылар деңгейі бар әлемдегі алғашқы коммерциялық ұшақ — ZEROe шығарады.

Сондай-ақ, цифрлық құралдарды, деректерді талдауды және инженерлік құзыреттілікті анағұрлым қарқынды қолданудың арқасында, Airbus еуропалық ұшақ құрастырушысы Lufthansa Technik және ST Engineering сияқты ірі тәуелсіз провайдерлерге бәсекелестік тудыра отырып, өз ұшақтарының ТҚжЖ нарығында орталық позицияға ие болуға ниетті.

2245