Алматыда «Көлік және логистика нарығы» атты ІІІ Халықаралық конференциясы өтті
Салынған уақыты 15.10.2021 17:46
13-15 қазан аралығында Алматыда TransLogistica Kazakhstan-2021 – «Көлік және Логистика» көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың халықаралық көрмесі өтті, ол өз қызметі кезеңінде 1996 жылдан бастап бүкіл Орталық Азия өңіріндегі ең ірі көлік көрмесі дәрежесіне жетті. Көрмеге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров қатысты.
Сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей, Украина және Эстонияның 80 астам компаниясы қатысты.
Конференция аясында 14 қазанда «Пандемия кезеңіндегі авиация саласы және саланың инфрақұрылымдық жобалары» сессиясы болып өтті. Сессияға қатысушылар Қазақстандағы әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымының жұмыс істеп тұрған объектілерін реконструкциялау және жаңаларын салу, Қазақстандағы Covid-19 пандемиясы кезеңінде авиатасымалдаушылар компанияларын фискалдық және қаржылық қолдау мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұшу бағыттарын ашуға шектеулерді алып тастау үшін қазіргі уақыттағы кедергілерді талқылады.
Сарапшылар іс жүзінде барлық көрсеткіштер бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өскенін атап өтті. ҚР аэронавигациялық жүйесінің ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі бойынша 2021 жылы ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 87%-дан 95%-ға дейін айтарлықтай өскенін көрсетті, бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орташа деңгейі 84%-ды құрады, бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15%-ға жоғары.
Мұндай ілгерілеуге біздің тікелей қатысуымызбен Азаматтық авиация комитетімен, Авиациялық әкімшілікпен орасан зор бірлескен жұмыс жүргізу арқылы қол жеткізілді.
Бұдан басқа, «Қазаэронавигация» РМК көрме аясында кәсіпорын қызметі туралы бейнебаян көрсетілген ақпараттық стенд ұйымдастырды.
2761