ruenkz

Үстіміздегі жылдың 4 қазаны күні «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының мәжіліс залында мекеме қызметкері Мәншүк Құлыбекқызын құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салынған уақыты 04.10.2021 15:16

Мәншүк Құлыбекқызы бірнеше жылдан бері филиалымыздың тазалық саласында қызмет етеді. Саналы ғұмырының жартысын осы  ұжымда еңбек етіп,  кәсібінен нәсіп тауып келеді.  Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ұжымдастар арасында беделді, абыройлы  қызметкерге филиал директоры Б. Молдалиев атқарған адал еңбегі үшін алғыс айтып, құттықтау тілегін жеткізді.  Сонымен қатар ұжымдастары да жүрек жарды  тілектерін айтты. Өз кезегінде зейнеткер-Мәншүк Құлыбекқызы  ұжымдастарына көрсеткен сый-құрметі үшін алғысын білдірді. Ұжымдастар атынан бағалы сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті.

465