1 қарашадан бастап ішкі ұшулардың бағасы арзандайды
Салынған уақыты 01.10.2021 08:47
Қазақстан бойынша маршруттарда эконом-кластың ең жоғары тарифтері 10% - ға төмендейді, деп хабарлайды informburo.kz. Air Astana авиакомпаниясы 1 қазаннан бастап ішкі рейстерге билеттер құнын төмендетеді.
Қазақстан бойынша маршруттарда эконом-кластың ең жоғары тарифтері 10%-ға төмендетіледі, бұл ретте жылдық перспективада билеттердің кемінде 70%-ы тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштер мен монополиялық жеткізушілердің тарифтері жағдайында төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады. Ұлттық тасымалдаушы тұрақты бағаны сақтауды негізгі серіктестер мен Алматы халықаралық әуежайы қолдайды деп үміттенеді.
«Алда демалыстар мен үлкен мерекелер күтілуде. Бұл туыстар мен достарға баратын уақыт. Біз жолаушыларымызға билеттерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін сыйлағымыз келеді. Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін билеттерді алдын-ала авиакомпанияның сайтынан немесе аккредиттелген агенттіктерден сатып алу керек", - делінген хабарламада.
2849