ruenkz

Алматы әуежайын жаңғыртуға 780 миллион доллар жұмсалады

Салынған уақыты 30.09.2021 08:54

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту және жаңғырту бойынша инвестициялық бағдарламаның жалпы құны 780 млн. долларды құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңғырту жоспарына сәйкес, «TAV Kazakhstan» ЖШС жаңа терминал құрылысы мен жұмыс істеп тұрған әуежайды жаңғырту, өткізу қабілетінің шектеулерін жою, маршруттарды дамыту, рейстер санын арттыру, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.

Жобаны іске асыру 1 000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Әуежайдың жаңа терминалы «Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE)» бағдарламасы бойынша сертификатталған Орталық Азиядағы алғашқы әуежай болады. Жаңа TAV airports терминалының құрылысында Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының ұсынымдарына сәйкес жоғары сапалы оқшаулағыш материалдарды, су үнемдеуші жабдықтарды және парниктік газдар шығарындыларын, шуды, жарықты, қалдықтарды және ауаның ластануын азайтудың озық әдістерін пайдалану есебінен EDGE стандарттарын ресурс тиімділігі бөлігінде қолданудағы халықаралық тәжірибені пайдаланады.

2975