ruenkz

Қосымша қызметтер лоукостерлерге үлкен пайда әкелді

Салынған уақыты 28.09.2021 08:36

Туристік консалтингтік компания авиакомпаниялар туралы жыл сайынғы есепті ұсынды, соған сәйкес кейбір бюджеттік авиакомпаниялар қосымша қызметтер есебінен қосымша табыс тапты. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жыл бірден төрт лоукостер билеттерге қарағанда қосымша қызметтерден көп пайда тапқан алғашқы жыл болды.

Осы көрсеткіштер бойынша, пайыздық қатынаста бірінші орында тұрғандар –Американдық лоукостерлер Allegiant және Spirit, мексикалық VivaAerobus және Венгриялық лоукостер Wizz Air, деп хабарлайды Tengritravel.kz IdeaWorksCompany-ға сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ, табысты болған қызметтер – белгілі бір орынды таңдау қызметі және багаж үшін алынатын төлемдер. Бұл қаражаттың шамамен 90 пайызы кобрендингтік несие карталарының (банктің және кез-келген ірі серіктес ұйымның жиынтық ұсынысы болып табылатын пластикалық карта түрі) бағдарламаларынан келді. Кобрендингтік несие карталарының арқасында авиакомпаниялар мұндай кірісті 2020 жылы әлемде коронавирустық пандемия өршіп тұрған кезде ала алды. Тұтынушылық төлемдерді өндіріп алу белсенділігі артып, авиакомпаниялар жергілікті карта эмитенттеріне сатылған мильге немесе баллға жақсы баға белгілей алды.

Алайда, қосымша қызметтерден түскен түсім тек бюджеттік тасымалдаушыларда ғана өскен жоқ. Әлемдегі 75 ірі коммерциялық авиакомпаниялардың шолуы көрсеткендей, өткен жылы қосымша қызметтердің пайызы жалпы кірістің 14,6 пайызын құрады. Ryanair авиакомпаниясы транзакциялардың абсолютті көлемі бойынша тізімді басқарды, ол қосымша қызмет кірістерінің бестен бір бөлігін 3,4 миллиард долларға дейін арттырды.

2491