ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Орал филиалында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу тақырыбында семинар өткізілді

Салынған уақыты 21.09.2021 09:45

2021 жылғы 17 қыркүйекте «Қазаэронавигация» РМК Орал филиалында Орал бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы РММ қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу және жедел респираторлық-вирустық инфекциялардың алдын алу үшін вакцияна егу тақырыбында семинар өткізді.

Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Н.К. Булташева елдегі эпидемиологиялық жағдайды, вакцина егудің ұжымдағы иммунитетті қалыптастырудың маңызын түсіндіріп берді. Қазақстан аумағында қолданылатын вакциналар туралы және олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат берілді.

Қызметкерлер қызығушылықпен сұрақтар қойып, коронавирустық инфекциядан иммундауды талқылауға белсенді қатысты.

Сондай-ақ, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысы және «Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығы түсіндірілді.

2485