ruenkz

Embraer-дің эксперименттік жобалары болашақтың авиациясын жасауға көмектеседі

Салынған уақыты 21.09.2021 08:44

Бразилиялық Embraer компаниясы тамыз айында толықтай электрлік ұшақ ― технологиялық демонстратордың ұшу сынақтарына кірісті. Алғашқы ұшуларда жаңа қуатты қондырғының қуаты мен тиімділігі, оның басқарылуы мен температуралық режимі, сондай-ақ, сөзсіз, жаңа жүйенің пайдалану қауіпсіздігі тексеріледі.

Жоба жетекші әлемдік компаниялармен: Электротехника және автоматтандыру саласында жұмыс істейтін Бразилиялық WEG және электр энергетикасымен айналысатын португалдық EDP ғылыми-технологиялық ынтымақтастықта дамып келеді. Жобада WEG электр трансмиссия жүйесі мен EDP батареясы пайдаланылды, ұшатын зертхана Embraer тарихының бір бөлігіне айналған EMB-203 Ipanema жеңіл бір орынды ауыл шаруашылығы ұшағы болды.

Embraer ұшақтың тиімділігін арттыруға, отын тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған технологиялық дамудың үздіксіз бағдарламасын қолдайды. Демонстрациялық ұшақты сынақтан өткізу нәтижесінде алынған деректер компанияға инновациялық өнімдерді дамытуға және тұрақты экологиялық болашаққа қарай жылжуға мүмкіндік береді.

2347