Lufthansa жаңа ұшақ салондарын ұсынды
Салынған уақыты 16.09.2021 11:14
Lufthansa неміс авиакомпаниясы Аirspace Cabin жаңа тұжырымдамасы бойынша салоны бар алғашқы Airbus A321neo ұшағының иесі атанды. Бұл тұжырымдама орташа қашықтыққа ұшатын рестерді орындайтын және Lufthansa мен оның еншілес компаниялары — Swiss, Brussels Airlines және Eurowings иелігіне келіп түсетін Airbus A320 тобының жаңа әуе кемелерінде қолданылады.
Жаңа интерьердің басты ерекшелігі 40%-ға үлкейтілген қол жүгі сөрелері болып табылады. Lufthansa айтуынша, олардың мөлшерін өзгерту жолаушылардың чемодандарын тігінен орналастыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде сөрелердегі заттар санын 60% дейін көбейтуге болады. Airspace Cabin тағы бір ерекшелігі – Human Centric Lighting жарықдиодты жарығы. Ол интерьерді жылы саналатын қызыл немесе суық көк түспен жарықтандырады, сонымен қатар басқа да реңктермен жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Өзгерістерді жолаушылар дәретхананы пайдаланған кезде де байқайтын болады. Қазіргі заманғы әуе кемелеріндегі дәретханалар салонға қосымша орындықтар қою үшін өте тар болып келеді. Алайда, Lufthansa айтуынша, Аirspace Cabin салонында дәретхананың орналасуы өзгертілген. Бұл оны қозғалуы шектеулі адамдарға пайдалануға мүмкіндік береді.
2645