ruenkz

Қазақстандық авиация инспекторлары 2021 жылғы ИКАО-ның жаһандық авиациялық қауіпсіздік симпозиумына қатысты (AVSEC-2021)

Салынған уақыты 15.09.2021 11:31

Жыл сайынғы ИКАО-ның жаһандық авиациялық қауіпсіздік симпозиумы (AVSEC-2021) виртуалды форматта (онлайн) өтті, оған “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері қатысты.
Биылғы симпозиум 2001 жылдыі 11 қыркүйегіндегі террорлық шабуылдардың 20 жылдығына арналған арнайы сессияларды қамтыды. Соңғы 20 жыл ішінде авиациялық қауіпсіздік қаншалықты жақсарғаны және жинақталған тәжірибе авиациялық қауіпсіздік саласындағы негізгі мәселелерді қалай шешетіні атап өтілді.
Бұл сессия сонымен қатар азаматтық авиация қызметкерлерін COVID-19 пандемиясының кең ауқымды проблемаларына бейімделуіне, авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа құралдарына арналды.
Сарапшылар адами фактордың маңыздылығына баса назар аудара отырып, қызметкерлердің авиациялық қауіпсіздік мәдениетінің тиімділігін арттыру, қауіпсіздік позициясын оқыту мен нығайту бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті. Алынған сабақтар дағдарысты басқару мен оған қарсы әрекет етудің жаңашыл тәсілдері мен процедураларына айналғанына күмән жоқ.
ИКАО Ассамблеясының 40-сессиясында қабылданған авиациялық қауіпсіздіктің берік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы туралы ИКАО ұсынымдарын қолдау шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Қазақстан Республикасында авиациялық қауіпсіздік мәдениетін ақпараттандыру және нығайту бойынша жұмыс жүргізді.
Азаматтық авиация саласы өкілдерінің қатысуымен “2021 жыл – авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін дамытуды түсіндіру мен қолдау мақсатында бейнематериал дайындалды.

Авиациялық әкімшілік әзірлеген бейне материал халықаралық авиация қоғамдастығында тәжірибе алмасу және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін танымал ету үшін ИКАО-ның ресми сайтында орналастырылған.

56