ruenkz

Eurowings авиакомпаниясы дағдарысқа дейінгі көрсеткіштеріне 2022 жылы қайта жетпек

Салынған уақыты 13.09.2021 17:31

Германияның Eurowings авиакомпаниясы дағдарысқа дейінгі тасымалдау көрсеткішіне 2022 жылы қайта орала алады деп болжайды, бұл күз келісімен бизнес-саяхаттарға деген сұраныстың белсенді түрде қалпына келе бастауымен байланысты деп хабарлайды АТО порталы.

Осы күзде Lufthansa Group төмен бюджеттік бөлімшесінің белсенді қолданысында 81 ұшақ бар. Қыста белсенді парк азаяды, өйткені әдеттегідей, кейбір борттар жоспарлы түрде техникалық қызмет көрсетуге жіберіледі. 2022 жылдың жазына қарай ұшу кестесін 115 ұшақтың көмегмен орындау жоспарлануда, бұл дағдарысқа дейінгі 2019 жылдың көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Алайда Eurowings осы жылдың шілдесінде құрылған курорттық рейстерді орындауға мамандандырылған Eurowings Discover операторына берілген алыс магистральды туристік рейстерден бас тартты. Атауы ұқсас болуына қарамастан, Eurowings Discover операторын негізінен Lufthansa басқарады.

3187