ruenkz

«Нұр Отан»партиясының елордалық филиалында «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Қ. Сәдуақасовтың «Қазаэронавигация» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Ғ. Кәкенмен кездесуі өтті

Салынған уақыты 13.09.2021 11:25

10 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Қ. Сәдуақасов «Бірлік» филиалының «Қазаэронавигация» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Ғ. Кәкенмен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Президентінің биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистері, филиалдың БПҰ партиялық жұмысы және алдағы бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланды.

Қарлығаш Ғазизқызы «Қазаэронавигация» бастауыш партия ұйымының қазіргі жұмысы, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасын және Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттарын іске асыру, ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларға және ауыр науқастарға әлеуметтік көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша партиялық жобалардың іске асырылуы туралы мәлімет берді, сондай-ақ партиялық жұмыстың алдағы жоспарлары туралы айтты.

Кездесу соңында «Нұр Отан»партиясы Нұр-сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Қ. Сәдуақасов еліміздің өркендеуі жолында одан әрі жемісті жұмыс жасауды тіледі.

 

383