ruenkz

Ведомствоаралық комиссия Ресейге әуе рейстерін ұлғайтуды мақұлдады

Салынған уақыты 10.09.2021 08:56

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) 2021 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері санын аптасына 11-ден 33 рейске дейін, яғни үш есеге ұлғайтуға рұқсат берді.

Енді Ресей Федерациясының аумағына жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб екі ел арасындағы рейстер санын арттыру туралы шешім қабылдауы тиіс.

РФ Көлік министрлігінің Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясат департаменті мен Әуе көлігінің федералдық агенттігі (Росавиация) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аталған мәселе бойынша бастамасын қолдайды.

Ресей жағы оң шешім қабылдаған жағдайда екі ел арасындағы тұрақты рейстердің санын Нұр-Сұлтан – Мәскеу, Алматы – Мәскеу, Шымкент – Мәскеу және Қарағанды – Мәскеу бағыттарында ұлғайту жоспарланған.

Қазақстан жағынан рейстерді “Air Astana” және “SCAT” әуе компаниялары қатаң түрде бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындайды.

117