Қазақстан Ресейге әуе рейстерін арттырады
Салынған уақыты 08.09.2021 08:51
2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысына Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі шығарылды.
Нәтижесінде 2021 жылдың 22 қыркүйегінен бастап "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұшуды бастайтын болды.
Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссия шешімдеріне және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
2511