VDS ИКАО әлем бойынша медициналық сертификаттарды тексеруге рұқсат алады
Салынған уақыты 07.09.2021 16:07
Елдерде авиация арқылы жаһандық туризм мен сауданы қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан жағдайда, саяхатшыларға халықаралық деңгейде тексерілген медициналық құжаттарды ұсыну қажеттілігі кейінге қалдыруға болмайтын жаһандық міндетке айналады.
Бастапқыда жол жүру құжаттарын тексеру үшін елдер мақұлдаған ИКАО-ның жаңа көзге көрінетін цифрлық мөрлері (VDS) қазіргі уақытта осы маңызды жаһандық мәселені шешудің қолжетімді әрі тиімді құралы ретінде қолданылғаны көпке белгілі.
«Бұл халықаралық қоғамдастық үшін кезек күттірмейтін басымдық болып отыр және қазіргі уақытта бірқатар елдер өздерінің ұлттық медициналық құжаттары үшін қолайлы форматтарға қатысты ИКАО-мен белсенді түрде өзара жұмыс жасауда», - деді ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар.
«Қауіпсіздік пен ақпараттың негізгі қырларын ескеретін болсақ, жаңа VDS қазіргі жағдайда саяхаттауды жеңілдету бойынша ұсыныстарымыздың маңызды бөлігі болып табылады», – деді ол, - «сонымен қатар біз үздіксіз жұмыс істейтін жаһандық жүйеге қол жеткізу үшін осыған ұқсас 2D штрих-кодтары жүйелерін шығару арқылы саламен және басқа тараптармен тығыз жұмыс жасайтын боламыз».
ИКАО мен Еуропалық Одақ қазіргі уақытта VDS пен еуропалық цифрлық COVID сертификаттарының үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде және жақын арада нақты халықаралық нұсқаулар пайда болады деп күтілуде.
Басқа аймақтар мен елдер адамның денсаулығы үшін вакцинация арқылы қол жеткізілетін оң нәтижелерді қалай пайдалану керектігін зерттеуді жалғастыра отырып, өз бағаларын беріп жатар.
«ИКАО VDS сияқты қауіпсіз және оңай іске асырылатын шешімдерге қатысты жаһандық консенсус халықаралық авиацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл, сонымен қатар, бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға пайда әкеледі, ал олардың экономикалық тұрғыдан аяққа тұруы әуе қатынасына тікелей байланысты», – деп түсіндірді Саласар мырза.
ИКАО VDS бойынша ұсынымдар мен олардың ерекшеліктері жаһанда тиімді түрде енгізу үшін баршаға қолжетімді.
COVID-19 қаупін азайту бойынша мемлекеттің жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде вакцинациялау мәртебесі мен тест нәтижелерін растайтын сертификаттарды пайдалану авиацияны қалпына келтіру жөніндегі ИКАО кеңесінің Нысаналы тобы шығарған ден қою және авиацияны қалпына келтіру жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаулықта сипатталған.
2558