S7 Airlines және Air Astana халықаралық «жол жүру құжатын» бағалау бойынша пилоттық жобаларды іске қосатын болады
Салынған уақыты 06.09.2021 11:26
Ресейлік S7 Airlines мен Қазақстандағы Air Astana бүкіл әлем бойынша IATA Travel Pass қосымшасын тестілеуден өткізетін 70-тен астам авиакомпаниялар қатарына қосылды.
Ресейлік авиакомпанияның жолаушылары жаңа сервисті Мәскеуден Германияға (Мюнхен, Берлин, Дюссельдорф, Ганновер және Кельн) ұшатын рейстер кезінде бағалай алады. Пилоттық жоба 6 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.
Қазақстандық ұлттық тасымалдаушы «саяхатшы төлқұжатын» 2-16 қыркүйек аралығында Нұр-сұлтан—Стамбул халықаралық бағытында сынап көруге мүмкіндік береді.
IATA Travel Pass қосымшасын халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әзірлеген және ол мобильді құрылғыларда жұмыс істейді. Алдымен жолаушы қосымшаны жүктеп, оған шетелдік төлқұжаттың сканер нұсқасын енгізуі керек, содан кейін ол ұшатын рейсін таңдайды. Жүктелген деректердің негізінде жолаушыға жүру бағыты бойынша коронавирустық инфекцияға байланысты құжаттарға қойылатын талаптар мен ағымдағы шектеулер туралы өзекті ақпарат қолжетімді болады.
Сондай-ақ «төлқұжатқа» серіктес зертханалар қауіпсіз арналар арқылы жолаушыларға COVID-19 тестілеу нәтижелерін жібереді. Ал жолаушы өзінің COVID-19 тестілерінің баратын елдің талаптарына сәйкес келетіндігін тексеріп, рейске тіркелу кезінде авиакомпания қызметкеріне осы мәліметтерді көрсете алады.
2575