Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларында тәуелсіз жерде қызмет көрсетуiшілер пайда болады
Салынған уақыты 06.09.2021 09:26
Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайлары 2022 жылдың басынан бастап жерде қызмет көрсетуге тәуелсіз өнім берушілерді тартуға тиіс деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 65-бабының 2-тармағы күшіне енеді, онда әуежайда жылына 2 млн астам жолаушыға қызмет көрсету кезінде әуежай жерде қызмет көрсетуге тәуелсіз өнім берушіге рұқсат беруге міндетті. Бұл санатқа Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары кіреді» - делінген жұмада таратылған хабарламада.
Осылайша, агенттіктің деректері бойынша, бұл шара жерде қызмет көрсету саласында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады. Бүгінгі таңда әуежайлар мен авиакомпаниялар жерде қызмет көрсетуді өз бетінше орындайды. Қызметтерге жолаушыларды қарсы алу және тіркеу, авиаотын құю, әуе кемесінің жүктелуін бақылау, мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеу, кемелердің сыртын жуу, багажды реттеу, салондарды жинау және басқалар жатады.
2652