SCAT авиакомпаниясы жаңа әуе кемелерін сатып алуда
Салынған уақыты 01.09.2021 10:34
Америка, БАӘ, Түркия және Қазақстан әлемде алғашқы болып авиациялық флотын Boeing 737-9 ұшақтарымен толықтырды. SCAT авиакомпаниясы осы үлгідегі бес ұшақтың алғашқысын алды. Алдағы 2 жылда авиатасымалдаушы флоты тағы 4 жаңа Boeing 737-9 ұшағымен толығады.
Boeing 737-9 отын үнемділігімен, сенімділігімен және әмбебаптығымен ерекшеленеді. Ол – аты аңызға айналған тар фюзеляжды ұшақтар тобының өкілі. Оның ұшу қашықтығы 6570 шақырымнан асады, бұл оның алдыңғы үлгісімен салыстырғанда шамамен 1111 шақырымға көп. Boeing 737-9, тар фюзеляжды ұшақтардың осы тобының басқа өкілдері сияқты, үлкен иллюминаторлары, жарықдиодты шамдары және сыйымды жоғарғы жүк сөрелері бар кең Boeing SkyInterior салонымен жабдықталған. Әуе кемесінің отын шығыны 737NG-мен салыстырғанда 16 пайызға төмен, бұл CO2 шығарындылары төмен және пайдалану шығындары да төмен болады деген сөз.
Жаңа әуе кемесіндегі алғашқы рейстерді компания келесі аптада орындауды жоспарлап отыр.
2851