ruenkz

Болашақ тікұшағының кабинасы таныстырылды

Салынған уақыты 31.08.2021 10:22

"Вертолеты России" холдингі қазіргі эргономика мен функционалдылық талаптарын ескере отырып жасалған ресейлік болашақ тікұшақтар кабинасының макетін ұсынды. Бұл макет бірден бірнеше технологияны, соның ішінде сенсорлық "шыны кабинаны", ұшқыштың шешімдерін болжау және қолдау жүйесін және басқаларды қолдануға мүмкіндік береді деп хабарлайды АТО порталы.

Эргономикалық кабинаның макетін жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы ұшу қауіпсіздігін, сондай-ақ тікұшақ экипажы жұмысының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Болашақ тікұшақ кабинасының ақпараттық-басқару алаңы ұшу кезінде экипаждың психофизикалық және интеллектуалдық шығындарын азайтуға, сондай-ақ оның болып жатқан жағдайдан толық хабардар болуына арналған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында ұшқыштар кабинасының макетінде бірден бірнеше тұжырымдамалар мен технологиялар пысықталатын болады. Атап айтқанда, сенсорлық аспаптар тақтасының бірыңғай жұмыс алаңында заманауи индикациялау және басқару құралдары бар "шыны кабинаны" қолдану демонстратор арқылы зерделенетін болады. Сонымен қатар, перспективалы кабина "виртуалды ұшқышты" енгізуді және ұшқыш пен экипаж арасындағы функцияларды ұтымды бөлуді көздейтін оңтайлы автоматтандыру тұжырымдамасын зерттеуге мүмкіндік береді.

3052