Италияның жаңа ұлттық әуе тасымалдаушысына ұшуды бастауға рұқсат етілді
Салынған уақыты 27.08.2021 08:52
Италияның жаңа Italia Trasporto Aereo (ITA) ұлттық тасымалдаушысы елдің Азаматтық авиация басқармасы (ENAC) Alitalia ізбасарына коммерциялық оператор сертификатын (AOC) және операциялық лицензияны бергеннен кейін билеттерді сатуға және ұшуды бастауға рұқсат алды.
2017 жылы Алиталия банкротқа ұшырағаннан кейін авиакомпания ұзаққа созылған құтқару процесіне белшеден батты: алдымен Италия авиакомпания үшін сатып алушыны іздеді, содан кейін пандемия басталған кезде мемлекет меншігіне алғаннан кейін, үкімет Брюссельмен мұрагер авиакомпания құру туралы келісімге қол жеткізуге тырысты. Ақыр соңында қайта іске қосуға осы жылдың басында мақұлдау берілді, бірақ «экономикалық дискреттілік» критерийін активтерді, соның ішінде ұшақтарды, Alitalia брендін, техникалық қызмет көрсету келісімшарттарын тікелей беру) орындағаннан кейін ғана деген шарт қойылды.
Шілдеде айтылған стратегиясында ITA 15 қазанда 52 ұшақпен жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Флот 2022 жылға қарай 78 әуе кемесіне дейін және 2025 жылдың соңына қарай 105-ке дейін өсуі керек. Бас кезінде ITA 61 маршрут (45 пункт) бойынша ұшатын болады, ал, 2025 жылға қарай желі 89 бағытқа (74 пункт) дейін кеңейеді.
2676