ruenkz

Катар мен Қазақстан арасында тікелей рейс ашылып, визасыз режим қайтадан қолданылатын болады

Салынған уақыты 26.08.2021 08:59

Қазақстан мен Катар Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Катар билігімен және бизнес-қауымдастығымен 2021 жылдың қазан айында Qatar Airways авиакомпаниясы аптасына екі рет Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша тікелей әуе рейсін іске қосатыны туралы келісімге келді. Сондай-ақ, екі елдің азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим қолданылатын болады.

Іскерлік кездесулер аясында тараптар туризм саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға назар аударды деп хабарлайды.

2740