ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК делегациясының «World ATM Congress 2018» ӘҚБ бойынша дүниежүзілік конгреске қатысуы

Салынған уақыты 16.03.2018 14:51

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы бас директор А.Ғ. Бектұровтың басшылығымен наурыздың 6 мен 8 аралығында Испанияның Мадрид қаласында өткен «World ATM Congress 2018» әуе қозғалысын басқару бойынша дүниежүзілік конгреске қатысты.

World ATM Congressс құрылған күнінен бастап әуе қозғалысын басқару саласындағы басты және ең ауқымды жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Конгресс барысында 130 аса ел өкілдерінің қатысуымен ең ауқымды көрме және әлемдік деңгейдегі конференция өткізілді. Алты жыл бойы көрменің 225 қатысушысына және 260 спикеріне әуе қозғалысына қызмет көрсету саласындағы жаңа беталыстар туралы білу   мүмкіндігі беріліп келеді.

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы авиация саласындағы әлемдік көшбасшылармен бірқатар екі жақты келіссөздер өткізіп және Indra Sistemas, Thales Group, Leidos, Frequentis AG, Jotron AS және т.б. сияқты аэронавигациялық жабдықтың ірі өндірушілерінің жаңа әзірлемелерімен танысты.

715