ruenkz

Embraer 2040 жылға қарай көміртек ізін екі есе азайтуды жоспарлап отыр

Салынған уақыты 23.08.2021 12:22

Бразилиялық Embraer SA авиақұрылыс концерні 2040 жылға қарай өз операцияларының көміртек ізін 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда 50%-ға қысқартуды жоспарлап отыр, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан». Сондай-ақ Концерн 2030 жылға қарай өзі шығаратын барлық ұшақтардың дәстүрлі отынның орнына экологиялық таза баламаларын пайдалануына ұмтылатын болады.

Қазіргі уақытта Embraer тұтынатын авиациялық отынның үлесі компанияның көміртек ізінің 60%-дан астамын құрайды. Бұдан басқа, компания дайын ұшақтарды экологиялық таза авиациялық отынды (SAF) пайдалануға бейімдеу үшін, сондай-ақ қазіргі уақытта тым қымбат болып табылатын SAF-ты тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін болады.

Embraer компаниясы 1969 жылы Бразилия Үкіметінің қолдауымен құрылды. Қазіргі уақытта ол түсім көлемі бойынша коммерциялық ұшақтарды өндірушілер арасында әлемде үшінші орында тұр. Embraer штатында шамамен 18 мың адам бар.

2548