ruenkz

«SCAT» авиакомпаниясы Ақтаудан Грозныйға тікелей рейс ашады

Салынған уақыты 20.08.2021 14:27

Ақтаудан Грозныйға алғашқы рейс 14 тамызда ұшты. Сыйымдылығы 50 орындық Bombardier CRJ-200 шағын әуе кемесінің бортында Шешен Республикасына 39 адам, Ақтауға 40 жолаушы аттанды, деп хабарлайды Liter.kz.

Ұшулар аптасына бір рет кезеңділікпен орындалады деп жоспарлануда. Барлығы ұшуға рұқсат берілуіне байланысты болады. Ересектер үшін билет құны 81 000 теңгені құрайды, балалар авиабилеті 71 000 теңге болады.  

2736