ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК өкілінің Сингапур Авиациялық Академиясына сапары

Салынған уақыты 14.03.2018 16:00

«Қазаэронавигация» РМК өкілінің Сингапур Авиациялық Академиясына сапары

         «Қазаэронавигация» РМК Орталық аппаратының басшысы Қ.Ғ.Кәкен Сингапур Авиациялық Академиясының оқыту саласындағы тәжірибесімен алмасу және үздік практикасымен танысу, оның ішінде оқу бағдарламасын, оқытуды ұйымдастыру процесін және материалдық-техникалық базаны  зерттеу мақсатында Сингапур Авиациялық Академиясына сапармен барды.

         Сингапур Авиациялық Академиясының негізі 1992 жылы қаланды және бүгінгі күнге дейін 150-ден астам елден шамамен 90 мың тыңдаушы одан білім алып шықты. Академия Авиациялық басқару мектебін, Авиациялық қауіпсіздік мектебін, Аэронавигациялық қызмет көрсету мектебін, Әуежайдың авариялық қызметтері мектебін, сондай-ақ кейінгі білім беру бағдарламаларын қамтиды.

         Сингапурға жасалған сапар барысында Сингапурдың мемлекеттік азаматтық авиация органы бас директорының орынбасары Тай Тьянг Гуан мырзамен және Сингапур Авиациялық Академиясының директоры д-р Майкл Лиммен, сондай-ақ оның әріптестерімен кездесулер өткізілді.

         Сингапур Авиациялық Академиясында мамандарды дайындау туралы екі жақты шарт жасасу жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Бұдан басқа азаматтық авиация мамандарын оқыту саласындағы маңызды мәселелер де талқыланды.

741