Қытайда ірі әуежайларда жаңалық енгізу жоспарлануда
Салынған уақыты 20.08.2021 09:07
ҚХР Азаматтық авиация бас басқармасының мәліметінше, Қытайдың ірі әуежайлары багажды бақылау үшін RFID радиожиілікті сәйкестендіру құрылғысын кеңінен қолдану арқылы багажды басқару жүйесінің тиімділігін арттырады. Бір жыл ішінде жылдық өткізу қабілеті 10 миллион жолаушыдан асатын барлық ірі әуежайлар RFID технологиясын қолданады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Осы жылдың маусым айындағы жағдай бойынша жылдық өткізу қабілеті 10 млн жолаушыдан асатын 27 ірі әуежай RFID технологияларын пайдалану жөніндегі жобаларды жүзеге асырып, мақұлдады және оларды белсенді түрде ілгері бастыруды жалғастыруда. Көптеген қытайлық авиакомпаниялар жолаушыларға саяхат барысында багажды тасымалдау жағдайын бақылау қызметтерін ұсына бастады.
Жоғарыда аталған басқарманың мәліметінше, осы жылдың қаңтар-маусым айларында Қытайдың азаматтық авиациясы маршрут бойынша жүк тасымалын бақылаудың жаңа технологияларын қолдана отырып, 792 800 астам багаж бірлігі бар 32 667 рейске қызмет көрсетті.
2586