ruenkz

АҚШ-та вакцина алған туристерге тегін авиабилеттер беріледі

Салынған уақыты 16.08.2021 09:38

Америкалық лоукостер вакцина алған туристерге ел ішінде тегін ұшу мүмкіндігін беріп, арнайы бонустық бағдарлама енгізді деп хабарлайды Tengritravel.kz авиакомпанияның сайтына сілтеме жасай отырып.

Лоукостер жолаушыларды коронавирусқа қарсы вакцина алуға ынталандыруға шешім қабылдады. Акция бойынша билеттерді жаздың соңына дейін брондаған адамдарға 10 мың бонустық миль қосылады. Акция 21 тамызда басталып, сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері 2021 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Акциялық билеттерді сату 30 тамызға дейін созылады.

«Біз өз клиенттерімізді вакцина алуға және жақындарымен бірге саяхаттауға шақырамыз. Бұл бағдарлама туристерді вакцина алудың бір-бірін және басқаларды қорғау үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Вакцина алған адамдар көбейген сайын, пандемиядан кейін тезірек бас көтеріп, еркін жүріп-тұрып, қалаған жерге саяхаттайтын күн де жақын болады», - деді Тири Скверс авиакомпаниясында.

198