ИКАО жүргізген аудитке сәйкес Қазақстандағы аэронавигациялық қызмет көрсетудің ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 95% құрайды
Салынған уақыты 13.08.2021 17:22
2-11 тамыз аралығында ИКАО еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация жүйесінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастырылуын тексеру жөніндегі әмбебап бағдарлама (ҰҚБТӘБ) шеңберінде валидациялық миссия (ICVM) өткізді.
ИКАО-ның валидациялық миссиясына дайындық кезінде Азаматтық авиация комитетінің аэронавигация басқармасы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің аэронавигация департаменті және «Қазаэронавигация» РМК-мен бірлесіп 2016 жылы ИКАО-ның үйлестіретін миссиясымен анықталған аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы кемшіліктерді жою бойынша үлкен жұмыс атқарды.
Миссияны өткізу кезінде ИКАО өкілдері аэронавигациялық қызмет көрсетумен байланысты мынадай бағыттарға баса назар аударды:
- ұшу қауіпсіздігін бағалауды, аудиттерді, ұшу қауіпсіздігін талдауды қоса алғанда, ҰҚБЖ жұмыс істеуі және аэронавигациялық қызмет көрсетушінің ұшу қауіпсіздігін бақылауы;
- аэронавигациялық қызмет көрсетудің ұшу қауіпсіздігін қадағалауға қатыстырылған персоналдың бар болуы және оның біліктілігі;
- «Іздестіру және құтқару» бағытының жұмыс істеуі, сондай-ақ іздестіру және құтқару үйлестіру орталығының функционалдығы;
- ҚР НҚА-ға ИКАО стандарттарына сәйкес келетін түзетулер енгізу;
- аэронавигациялық деректердің сапасы мен қолжетімділігін тексерудің сәйкестігі.
Аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы валидациялық миссияның алдын ала нәтижесі ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 87%-дан 95%-ға дейін айтарлықтай өсуін көрсетті, бұл ретте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің орташа деңгейі 84% құрады, ал бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15% жоғары деген сөз.
8458