ruenkz

Пандемия әлемдегі авиакомпания брендтерінің құнына қалай әсер етті?

Салынған уақыты 13.08.2021 09:21

Ең қымбат 50 авиакомпания брендінің жалпы құны үштен бірге немесе 35 миллиард долларға төмендеді. Бұл туралы Brand Finance Airlines 50 2021 зерттеуінде айтылған. Бұл туралы есеп деректеріне сілтеме жасай отырып, Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлайды.

Brand Finance деректеріне сәйкес, 50 авиакомпания брендінің жалпы құны 2020 жылғы 108,6 миллиард доллардан 2021 жылы 72,9 миллиард долларға дейін төмендеген. Бұл сектор COVID-19 пандемиясынан ең көп зардап шеккендердің қатарында, өйткені 2020 жылдың басынан бастап халықаралық тасымалдау толығымен тоқтатылды. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әлемдік жолаушылар ағыны пандемияға дейінгі деңгейге 2024 жылдан ерте оралуы екі талай деп санайды.

«Бюджеттік авиакомпаниялар өз көрсеткіштерін тезірек қалпына келтіре алады. Болжамда көрсетілгендей, брендтердің құны барлық бағыт бойынша күрт төмендеді. Нарықты қалпына келтіру вакцинация көрсеткіштерімен тығыз байланысты болғандықтан, біз жақын жерге ұшатын авиатасымалдаушылар алыс бағыттарға қарағанда тезірек қалпына келетініне куә боламыз», - деді Brand Finance Бағалау жөніндегі директоры Савио Д ' Суса.

2702