Қазақстандық авиакомпаниялардың табысы бір жарым есеге өсті
Салынған уақыты 12.08.2021 15:23
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында әуе көлігімен 4,2 млн жолаушы тасымалданды. Бұл тасымалдау көлемі бірден 35,8%-ға қысқарған өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 79,6% артық. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына қарамастан жолаушылардың рекордтық саны тасымалданды деп хабарлайды Мой город порталы.
Олардың басым бөлігі Алматы әуежайына тиесілі: 3 млн жолаушы. Одан кейін Шымкент (905 мың жолаушы) және Нұр-Сұлтан (278,9 мың жолаушы) қалалары тұр. Тасымалданған 4,2 млн жолаушының ішінен отандық авиакомпаниялар тасымалдағандар саны 4 млн жуық болды, оның ішінде 3,5 млн жолаушы ішкі рейстермен, ал 484,5 мың жолаушы халықаралық рейстермен тасымалданды.
2615