Авиакомпания әлемдегі ең биік ғимараттың төбесінде жарнама түсірді
Салынған уақыты 12.08.2021 12:23
Emirates авиакомпаниясы Дубайдағы әлемдегі ең үлкен ғимарат саналатын Бурдж Халиваның төбесінде жарнама түсірді.
Роликтің бас кейіпкері - авитасымалдаушының стюардессасы. Оны 828 метр биіктікке көтерілуден қорықпайтын еріктілердің арасынан таңдап алды.
Роликтің идеясы бойынша алдымен камера үлкен экраннан жарнамалық ұрандар жазылған лозунгтарды көрсетеді, одан кейін экранға стюардесса шығады, одан соң камера алшақтап барып, авиакомпания қызметкерін Дубайдың панорамасының фонында көрсетеді.
Emirates жарнаманы арнайы эффектілер мен жасыл фонды пайдаланбай түсіргенін айтады.
Стюардессамен алдын-ала жаттығулар ангарда өткізілді. Оған парашютпен секіру нұсқаушысы да қатысты. Ролик үшін форманың арнайы нұсқасы жасалып, оның ішінен үш жерден көрінбейтіндей етіп қауіпсіздік арқанын бекітіп қойды. Олардың екеуі ғимараттың төбесіне, ал екіншісі жарнаманы түсіру үшін әдейі салынған тіректері бар арнайы платформаға бекітілді. Ғимараттың жоғарғы жағына шығу үшін түсірілім тобы 1 сағат 15 минут жұмсады. Түсірілім 5 сағат ішінде бір дронның көмегімен жүргізілді. Осы уақыт ішінде олар бірнеше нарыққа арналған жарнамалық науқанды түсіріп үлгерді. Бірінші ролик Ұлыбританияда көрсетіледі. Бұған себеп – осы елде Біріккен әмірліктен келетіндер үшін жеңілдіктердің енгізілуі.
2547