ruenkz

Қазақстанда ұшақ жолаушыларының салмағын өлшейтін болады

Салынған уақыты 11.08.2021 09:52

«Эйр Астана» авиакомпаниясы 2021 жылғы 9-31 тамыз аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан жолаушыларды өлшейтін болады деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Авиакомпанияның баспасөз қызметі айтып өткендней, салмақ өлшеу ерікті түрде жүргіізіледі. Процедура авиакомпания авиабилеттерінің құнына ешқандай әсер етпейді және ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында ғана жүргізіледі.

«Жолаушыларды ұшу алдында өлшеу әуе кемесінің теңгерімін белгілеу үшін статистикалық деректерді жинау мақсатында халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Бұл процедураны қауымдастыққа мүше авиакомпаниялар бес жылда бір рет жүргізеді», - деп атап өтті авиакомпания.

Бақылап өлшеу рейске тіркелгеннен кейін жолаушыларды жынысы бойынша бөле отырып, осы үшін арнайы бөлінген орында жүргізіледі. Процедура құпия ақпаратты жинауды көздемейді. Сондай-ақ, салмақ өлшеу процедурасынан өткен жолаушылар ұтылыссыз лотереяға қатысады.

 

2555