Елордалық әуежайдың қызметтерін смартфоннан басқаруға болады
Салынған уақыты 10.08.2021 14:04
«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы NQZ мобильді қосымшасын енгізді. Елордалық халықаралық әуежайда NQZ мобильді қосымшасын 30 шілдеден бастап пайдалануға болады деп хабарлайды ЭК ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қосымша IOS және Android жүйелерін пайдаланушылар үшін қолжетімді.
NQZ қосымшасы арқылы әуежай қызметтері үшін QR-код арқылы төлеуге, сондай-ақ банк картасымен төлеуге; рейстер мәртебесінің өзгергені туралы push-хабарлама алуға; пайдаланушыларды әуежайдағы коммерциялық сервистер туралы хабардар етудің ыңғайлы арнасын жасауға; әуежай терминалдарында іздеу және навигация құралдарын оңтайландыруға; пайдаланушыларға ақпараттық және функционалдық сервистерді жеткізудің заманауи құралдарын жасауға; әуежаймен кері байланыстың баламалы ыңғайлы арнасын жасауға болады.
Болашақта қосымшаны одан әрі дамыту және «денсаулық», «өзіне-өзі қызмет көрсету», «байланыссыз саяхат», «багажды бақылау» және т.б. сияқты маңызды бағыттардағы қызметтерді кеңейту жоспарлануда.
2647