ruenkz

Росавиация Қазан — Нұр-Сұлтан авиарейсін іске қосу мүмкіндігін қарастыруда

Салынған уақыты 09.08.2021 11:29

Ресейде Қазаннан Қазақстанның астанасына рейстерді іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда деп хабарлайды Петропавловск.news. Росавиация Қазан – Нұр-Сұлтан авиарейсін іске қосуға дайындалып жатыр.

Өткен аптада Ресейдің Федералды әуе көлігі агенттігі Алроса пмен ЮВТ Аэро авиакомпанияларына Татарстаннан Қазақстанға рейстерді жүзеге асыруға рұқсат беру туралы бағалау парағын жариялады. Авиакомпанияларға рейстердің тұрақтылығын және халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан баға берілген болатын.

Бұл авиарейсті іске қосу туралы түпкілікті шешім әлі жоқ, бірақ соңғы бірнеше аптада Ресей қос елді байланыстыратын жаңа бағыттарды қарастыру бойынша жұмысты күшейтті.

189