Lufthansa ұшақтарында эконом-класта тұрақты ұйықтау орындары пайда болады
Салынған уақыты 09.08.2021 11:13
Немістің Lufthansa авиакомпаниясы алыс бағыттарға ұшатын әуе кемелерінде ұйықтайтын эконом-класс орындардың пайда болғанын және ол тұрақты болатынын жариялады. Рейс үшін 159-дан 229 евроға дейінгі алымды төлеген жағдайда жолаушыға бизнес-кластағы сияқты үш-төрт орындық блок, матрас, жастық және көрпе беріледі деп хабарлайды avianews порталы.
Ұйықтайтын орындықтар қатарын тек тіркеу орнында немесе, бос орындар болған жағдайда, отырғызуға шығу кезінде речімдеуге болады. Жаңа қызметті әр рейсте үш жолаушыға дейін пайдалана алады. Ұйықтауға арналған креслолар қатарына 11 сағаттан аса ұшатын бағыттарда тапсырыс беруге болады. Бұл Германиядан Қиыр Шығысқа, АҚШ-тың батыс жағалауына, орталық және Оңтүстік Америкаға немесе Оңтүстік Африкаға ұшатын рейстер.
Эконом-кластағы ұйықтайтын орындарды Lufthansa 2020 жылдың аяғында, бірнеше апта бойына созылған саяхат шектеулеріне байланысты ұшақтардың жүктемесі төмендеген кезде Франкфурт пен Сан-Паулу арасындағы маршрутта сынақ режимінде сатты. Осы уақытқа дейін ұзақ рейстерде Lufthansa-ның тек бірінші немесе бизнес-класс жолаушылары ғана жатып ұша алатын.
2513