Airbus ТМД-дағы алғашқы пулинг пен компоненттерді жөндеу бойынша келісімшартын жасады
Салынған уақыты 05.08.2021 15:22
Қырғызстанның бюджеттік тасымалдаушысы Air Manas авиакомпаниясы ТМД-дағы Airbus A220 ұшақтарының бірінші операторы болып табылады, сондай-ақ оның компоненттер бойынша (Flight Hour Services) техникалық қызмет көрсету саласындағы сервистерінің бірін қолданатын өңірдегі алғашқы Airbus клиенті болды.
Сағаттық қызмет көрсету келісімшарты Airbus қосалқы бөлшектерінің пулына және А220 жөндеу қызметтерін пайдалануды қамтиды деп хабарлайды АТО.
"Біз Аir Manas ТМД-дағы Airbus-тің алғашқы FHS клиенті болғанына қуаныштымыз. Біз әрқашан жаңа клиенттерге жоғары деңгейде қолдау көрсетуге тырысамыз. Біз бірлесіп жұмыс істеп бастауды асыға күтеміз және A220 Air Manas паркіне қызмет көрсетуге үлес қосқанымыз үшін қуаныштымыз", — деді Ресей мен ТМД-дағы Airbus басшысы Жюльен Франьятт.
Еуропалық өндіруші назар аударатын бұл ынтымақтастықтың тағы бір артықшылығы — A220 үшін ең білікті компонент жеткізушісі ретіндегі Airbus компаниясының инженерлік-техникалық тәжірибесі. Осының барлығы Air Manas ұшақтар паркінің сенімділігін арттыруға ықпал етуі және болашақта ұшақтарды лизинг берушіге қайтару рәсімін жеңілдетуге тиіс. Бұл Airbus үшін Орталық Азиядағы алғашқы FHS-келісімшарт. Құжатқа Мәскеудегі МАКС-2021 авиасалонында қол қойылды.
2676