Қазақстандық авиакомпаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 4 млн жуық жолаушыны тасымалдады
Салынған уақыты 05.08.2021 11:08
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша отандық авиакомпаниялар 3 973 150 жолаушыны, оның ішінде ішкі желілерде 3 488 675 және халықаралық желілерде 484 475 жолаушыны тасымалдады.
Бір жыл бұрын COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды, осылайша 2020 жылдың 12 айында отандық авиакомпаниялар 5 260 014 жолаушыны тасымалдады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27% - ға төмен.
Отандық авиакомпаниялардың (Эйр Астана, Scat, Qazaq Air және FlyArystan) болжамдары бойынша ағымдағы жылдың соңына қарай жолаушылар ағынының жалпы саны 9 093 022-ге дейін өсуге тиіс, оның ішінде 2021 жылы "Эйр Астана" АҚ авиакомпаниясы - 3 482 790 жолаушы, "Scat" АҚ авиакомпаниясы - 1 569 410 жолаушы, "Qazaq Air" АҚ авиакомпаниясы - 575 996 және нарыққа жақында кірген "FlyArystan" авиаомпаниясы 3 464 826 жолаушыларды тасымалдауды жоспарла отыр. Осылайша, биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 227 127 жолаушы) асады деп күтілуде.
Жекелеген авиакомпанияларда, атап айтқанда "FlyArystan" өткен жыл ауыр болғанына қарамастан, жыл сайын қызмет көрсетілген жолаушылар саны өсіп отырғанын көрсетеді (2019 жылы - 700 233, 2020 жылы – 1 467 261 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында – 1 379 400).
2538