Ryanair таза шығыны 47% - ға өсті%
Салынған уақыты 05.08.2021 08:41
Ирландиялық Ryanair авиакомпаниясының таза шығыны 2022 қаржы жылының I тоқсанында 272,6 млн еуроны құрады, бұл 2021 қаржы жылының осындай кезеңіндегі шығыннан 47%-ға артық. Бұл ретте, мамыр мен маусым айларында өткізу қабілетін қалпына келтіру есебінен жолаушылар ағыны жылдық мәнде 0,5 млн-нан 8,1 млн-ға дейін өсті деп жазады Kursiv.kz.
Компания Сovid-19 салдарынан ұшу сапарларына қойылатын шектеулер 2022 қаржы жылындағы белгісіздікті одан әрі күшейтіп отырғандықтан, қазір бір жылға айтарлықтай мазмұнды ұсыныстар беру мүмкін емес екендігін атап өтті. Брондаудың айтарлықтай қалпына келуі II тоқсанда байқалады, бірақ әлі де COVID-19-бен байланысты жағдайға дейінгі деңгейден төмен. Әрі қарайғы нәтижелер осы жазда вакцина салудың бұдан әрі жалғасып, Covid жағдайының қолайсыз нұсқасының болмауына байланысты.
Сондай-ақ, компания Covid-19 Alitalia, TAP, LOT, SAS сияқты басқа компанияларда да қуаттың айтарлықтай төмендеуіне әсер еткенін атап өтті. Еуропалық Одақ елдерінің үкіметтерінен өздерінің төлемге қабілетсіз авиатасымалдаушыларына (Alitalia, AirFrance / KLM, LOT, Lufthansa, SAS, TAP және басқалары) берген мемлекеттік көмегі ЕО-дағы бәсекелестікті бұрмалап, көптеген жылдар бойы тасымалдардың құнын жоғары деңгейде ұстап тұрады деп есептейді авиатасымалдаушы өкілдері.
2544