IATA елдердің үкіметтерін ПТР тесттерінен бас тартуға шақырды
Салынған уақыты 02.08.2021 10:12
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) әлем үкіметтерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жақында ПТР-тест бойынша нұсқаулығын қабылдауға шақырды деп хабарлайды Tengritravel.kz. IATA мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың 78 пайызы үкіметтер міндетті ПТР тестілеу шығындарын көтеруі керек деп санайды, ал 86 пайызы саяхат үшін ПТР тестін тапсыруға дайын.
"IATA коронавирусқа тестілеуді халықаралық сапарлар үшін шекараны ашудың кілті ретінде қолдайды. Бірақ біздің қолдауымыз бұлтарыссыз емес. Сенімді болуымен қоса тестілеу баға бойынша қолжетімді және тәуекел деңгейіне сәйкес болуы керек. Әлемнің көптеген үкіметтері мұны қамтамасыз ете алмайды. ПТР сынақтарының құны әр елде әртүрлі болып келеді. Жұмсақтап айтқанда, ПТР тесті қымбат тұрады, ал шындап айтса, бұл бопсалаудың дәл өзі", - деді IATA бас директоры Вилли Уолш.
IATA, сонымен қатар, үнемді антиденелер сынақтарын қолдануға шақырады. Ұйымның мәліметінше, экспресс-тесттердің жаңа буыны бір тест үшін шамамен 10 доллар (4 257 теңге) тұрады. Оң нәтиже болған жағдайда нәтижелерді нақтылау үшін растау RT-ПТР тестін жүргізуге болады. ДДҰ халықаралық медициналық-санитарлық қағидаларына (ХМСҚ) сәйкес бұл тесттің шығындарын жолаушылар да, тасымалдаушылар да көтермеуі керек.
Сондай-ақ ұйым вакцина алған туристерді коронавирусқа тексеруден толығымен босатуға шақырды.
2537