ruenkz

Alitalia мұрагері қазан айында ұшып бастауға дайындалып жатыр

Салынған уақыты 29.07.2021 16:45

Итальяндық ұлттық тасымалдаушы Alitalia мұрагері саналатын ITA (Italia Trasporto Aereo) авиакомпаниясы 15 қазанға жоспарланған рейстердің басталуына дайындалуда. Авиакомпанияның Директорлар кеңесі бизнес-жоспарды Еурокомиссиямен келісе алды.

Қазір ITA паркі 52 әуе кемесінен тұрады, бірақ бизнес-жоспарға сәйкес 2022 жылға қарай ол 78 ұшаққа дейін өседі. 2025 жылдың соңына қарай жаңа буын ұшақтарының келіп түсуіне қарай парк саны 105 ӘК жетуге тиіс.

Alitalia бренді ашық тендер арқылы сатылады. ITA тарихи атау үшін күресуге ниетті екенін, өйткені "бренд біздің жоспарымыздың ажырамас бөлігі болып табылатынын" айтты. Сондай-ақ, жаңа авиакомпания ұшақтарды сатып алу үшін жалғыз стратегиялық серіктес іздейтінін жариялады және қазіргі уақытта негізгі серіктестермен келіссөздер жүргізуде.

2498