Тарихтағы алғашқы ұшқышсыз ұшақ МАКС авиасалонының ұшу бағдарламасына қатысты
Салынған уақыты 27.07.2021 08:46
«Вертолеты России» холдингінің «Миль и Камов» ұлттық тікұшақ жасау орталығы әзірлеген БАС-200 ұшқышсыз әуе кемесі МАКС әуе шоуының ұшу бағдарламасының алғашқы ұшқышсыз қатысушысы болады.
БАС-200 мынадай кең ауқымды авиациялық жұмыстарды орындау үшін қолданылуы мүмкін: жергілікті жерді мониторингілеу, жүктерді жеткізу, іздестіру-құтқару және ауылшаруашылық жұмыстарын орындау. Құрылғының максималды ұшып көтерілу салмағы – 200 кг, ол сағатына 160 км дейінгі жылдамдықпен ұшады және салмағы 50 кг дейінгі коммерциялық жүктемені көтере алады.
БАС-200 3900 м биіктікте 4 сағатқа дейін ұшуға қабілетті. МАКС-2021 көрмесінде ұшқышсыз ұшақпен 100 км дейінгі қашықтықта байланысуға мүмкіндік беретін жердегі басқару кешені көрсетілген. Аппараттың өлшемдері: ұзындығы – 3,9 м, биіктігі – 1,2 м.
2735