ruenkz

«МАКС-2021» халықаралық авиағарыш салоны аясында «Еуразия» үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Салынған уақыты 22.07.2021 14:54

«МАКС-2021» халықаралық авиағарыш  салоны аясында «Еуразия» үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Мәскеу маңындағы Жуковский қаласында ағымдағы жылғы 20-25 шілде аралығында «МАКС – 2021» халықаралық авиағарыш салоны аясында «Еуразия» үйлестіру кеңесінің аэронавигациялық қызметтер басшыларының кеңесі өтті.

«Еуразия» ҮС төрағасы – «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Бектұров әріптестерімен сәлемдескеннен кейін Ресей тарапына жылы қарсы алып, аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Кеңесте «Еуразия» үйлестіру кеңесіне қатысушы мемлекеттердің аэронавигациялық қызметтері алдында тұрған өзекті сұрақтар мен әлі  аяқталмаған пандемия жағдайында аэронавигациялық қызмет көрсетуді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Сондай-ақ, «Еувразия» ҮС қатысушылары «МАКС-2021» авиасалонының павильондарын аралап, көрмедегі авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен танысты.

532