ruenkz

18 шілде күні Қостанайда екінші жарыс күні аяқталды

Салынған уақыты 21.07.2021 09:33

18 шілде күні Қостанайда екінші жарыс күні аяқталды. Жарыс қостанайлық спорт сүйер қауым үшін айрықша болды, себебі республикалық турнир мұнда соңғы рет 2018 жылы өткізілген болатын.

«TEMIRADAM» кубогінің IV кезеңінің жеңімпаздарын анықтау үшін жеке есепте 102 спортшы мен 5 эстафеталық команда қатысты. Қатысушылар 750 м жүзу, 20 км веложарыс және 5 км жүгіруден тұратын олимпиадалық қашықтықта чемпиондарды анықтады.

Аталған жарысқа «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің бастығы Хамет Альбертович Сераев қатысып, өзінің жас санаты бойынша құрметті үшінші орынға ие болды.

188